Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English

Сандықтау табиғи оазисі

Сандықтаудың гранитті шоқылары биік шыңдарымен ерекшеленбейді: олардың негізгі шыңы - Сандықтаудың биіктігі теңіз деңгейінен 626 метр. Алайда, жергілікті өзендердің көркем бейнесі, олардың ішінен ең ірісі Есілдің саласы Жабай, бірнеше көлшіктер, көптеген бұлақтар, көлемі шексіз қарағайлы ормандар, сондай-ақ жидек пен саңырауқұлақтар жинауға да таптырмас орын, осының барлығы Сандықтауды бүкіл Солтүстік Қазақстандағы демалуға ең қолайлы жерлердің бірі ретінде көрсетеді. Айта кету қажет, бұл жерлер дем алудың қысқы уақыттағы түрлеріне, негізінен шаңғымен серуендеуге ең қолайлы орын, бұл Қазақстанға тән туризмнің мезгілді сипатына қарағанда сирек кездесетін құбылыс. Ауданның әкімшілік орталығы және түнеп шығуға мүмкін орын ретінде таулы аймақтан батысқа қарай орналасқан Балқашын кенті бар.