Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English

Зеренді

Зеренді демалыс аймағы, Ақмола облысы Зеренді ауданының табиғаты көрікті жерінде орналасқан. Аймақтың қыратты-төбелі жер бедері шоқылар және қырқалармен үйлесім тапқан. Олардың баурайында қайың, реликті шырша өскен орман қалыптасқан. Бұлардың барлығы туризм индустриясын дамытуға және санаторийлер мен курорттар, демалыс үйлері мен балалардың денсаулығын сауықтыратын, таулы шаңғы базаларын, табиғи ұлттық парк құруға өте қолайлы. Зеренді демалыс аумағында «Қарағайлы», «Зерен Плюс», «Сұңқар», «Құлпынай мүйісі», Мәлік Ғабдуллин атындағы және Еуразия университетітінің спорттық сауықтыру лагерьлері, «Аққайың», «Жасыл мүйіс», «Ұшқын», «Шығыс», тағы басқа демалыс базалары шоғырланған. Демалушыларға «Керемет», «Нұр ауыл», тағы басқа кафелері, «Көмек» кемпингі, «Оазис» мотелі, «Қалқаман» қонақ үйі, тағы басқа қызмет көрсетеді. Уақытты толық әрі тиімді өткізу үшін демалушыларға шаңғы трассалары, стадион салынған. Сонымен қатар 11 эколагиялық туристік маршрут ұйымдастырылған. Бұл маршруттар бойында Барлаутөбе, Шиелі, Беріктас, Жазықтөбе, Бөрік, Қалқантас, Ақшабұлт, Құс базары, Аюлы, Қоянды, Сұлутөбе, Әулиешың, Қойтас, Жекетау, Жайынауыз, тағы басқа шоқылар мен жартастар және балбалтастар кездеседі. Зеренді демалыс аймағында Зеренді табиғи зоологиялық қорықша аумағында орналасқан.