Қазақстанда Кеңес билігін орнатуға горнизондардың солдаттары көп үлес қосты. Кеңес билігіне Орал, Жетісу, Сібір және Орынбор казак әскерлерінің әскери үкіметі қарсы күресті. Сырдария, Ақмола облыстарының басым аудандары мен Бөкей ордасында кеңес билігі соғыссыз орнатылды. Торғай, Орал, Семей және Жетісу облысының кейбір жерлерінде кеңес билігін орнату қару күшімен жүзеге асты. ауылдық аймақтарда кеңес билігін орнату үдерісі азамат соғысына дейін созылды.
Қазақстанда кеңес билігін орнатуды Ә. Жангелдин, С. Сейфуллин, К. Сүтішев, А. Асылбеков, Б. Серікбаев, С. Меңдешев, А, Майкөтов, И. Дубыкин, К. Шұғаев, Я. Ушанов, С. Цвиллинг, А. Иманов, Т. Рысқұлов, П. Виноградов, Т. Бокин, Л. Емелев, Т. Өтепов, А. Розыбакиев, М. Масаншы және басқалар белсенді түрде жақтады.
Чехословак корпусының 1918 жылдың мамыр-тамызындағы қарулы көтерілісі кеңес билігі органдарын жою, антикеңестік үкімет құру және ақ әскердің Кеңес билігіне қарсы кең көлемде қарулы әрекет жасауы үшін қолайлы жағдай туғызды. Көтерілістің басталуына кеңес билігінің легионерлерді қарусыздандырмақ болған әрекеті себеп болды.