«Қырғыз Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» Декрет. (Қазақ АКСР)
26 тамыз 1920 жыл
1920 жылдың 4-12 қазанында Орынбор қаласында болған Қазақстан Кеңесі Құрылтайшыларының сиезі Қазақ АКСР-ының құрылуын автономиялық бірлік түрінде РКФСР-ге кіретін жұмысшылар, еңбекші қазақ халқы, шаруалар, казактар, қызыл әскер депутаттары Кеңесінің республикасы ретінде бекіткен Қырғыз (Қазақ) АКСР-ы еңбекшілерінің құқықтары Декларациясын қабылдады. Басшысы С. Меңдешев болған Орталық атқару комиететі (ОАК) және басшысы В. Радус-Зенькович болған халық комиссарлар Кеңесі (ХКК) сайланды.