«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Хронология

Тоталитарлық жүйенің қалыптасу кезеңіндегі Қазақстан

Тоталитарлық жүйенің қалыптасу кезеңіндегі Қазақстан

БКП (б) Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы болып Ф. Голощекин тағайындалды. "Кіші Қазан" бағыты жарияланды.


Түркістан-Сібір магистралы (Түрксіб) салынды

 Бұл Орталық Қазақстанның табиғи байлығы сыртқа шығаруды игеруде маңызды рөл атқарды. 

Қазақ орталық атқару комитетінің (ҚазОАК) ірі байлар мен орта феодалдардың мал-мүлкін тәркілеу және оларды жер аудару туралы Декреті

Кеңес үкіметі бұл саясатты жүргізуде Косшы (Жарлы, Кедей) одағы, шаруалардың өзара қоғамдық көмегі комитеті (шарком) мен оларға жақын ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы жұмысшыларының одағы тәрізді шаруалар ұйымдарына арқа сүйеді. Бұл ұйымдардың барлығы, бірінші кезекте Қосшы одағы бір жағынан кеңес билігі мен Коммунистік партия,  сан миллион еңбекші шаруаларды екінші жағынан байланыстырушы желі болды.