«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Хронология

Тоталитарлық жүйенің қалыптасу кезеңіндегі Қазақстан
Индустриализацияға бағытталған БКП (б)-ның ХІV съезі өтті. Социалистік индустриализацияны жүзеге асыру Қазақстанда айтарлықтай қиындық туғызды.

Индустриализацияға бағытталған БКП (б)-ның ХІV съезі өтті.  Социалистік индустриализацияны жүзеге асыру Қазақстанда айтарлықтай қиындық туғызды. Басты себептердің бірі республиканың әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан артта қалғандығы болды. Коммунистік партия мен Кеңес үкіметінің ойынша қазақ халқы дамудың капиталистік құрылысын аттап, феодализмнен социализмге қарышты қадам жасау керек болатын. Халық шаруашылығын, нақтырақ айтқанда өнеркәсіпті қалпына келтіру созылып кетті. 1926 жылдың басында республика 1913 жылғы өнеркәсіптің 61, ауыл шаруашылықтың 82,9 пайыздық деңгейіне ғана жете алды. 

КСРО Орталық атқару комитеті мен Қазақ КСР халық комиссарлар кеңесінің «Кулактықпен күрес және жаппай ұжымдастыру жүріп жатқан аудандарда ауыл шаруашылығын социалистік бағытта қайта құруды нығайту жөніндегі іс-шаралар туралы» қаулысы шықты


Алаш қозғалысының көрнекті қайраткерлері (А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Х. Ғаббасов және басқалар) тұтқындалды және сотталды
VI Бүкілқазақстандық Кеңестер сиезі астананы Қызылордадан Алматыға көшіру туралы шешім қабылдады

1929 жылы үкіметтік және мәдени мекемелердің Қызылордадан Алматыға көшірілуі жаңа "Турки"  темір жолымен жүзеге асырылды.