Хронология

Қазақстан Ресей империясының құрамында

Қазақстанның Ресейге қосылуы (1731 ж.)

Қазақстанның Ресейге қосылуы (кіруі, жаулануы, отарлануы).


Қазақстанның Ресейге қосылу үдерісі 3 кезеңмен сипатталады. 

1. XV ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап XVI ғасырдың соңына дейін. Ресей патшалығы қазақ хандығымен әскери-саяси байланыс орнатуға ұмтылды.

2.  XVII ғасырдың басынан XVIII ғасырдың 30-шы жылдарына дейін отарлау саясаты қолданысқа енгізілді. Басқыншылық әрекеттер күшейтілген желілер, бекіністер, форпосттар салу, орыс казактарын көшіру, қазақтардың шұрайлы жерлерін басып алу арқылы жүзеге асырылды. 

3.  XVIII ғасырдың 30-шы жылдары мен XIX ғасырдың 60-шы жылдары. Қазақ жерін отарлау үдерісі аяқталды. 


Кіші жүзде патшаның әкімшілік билігінің төменгі сатылары ұйымдастырылды
Император І Павелдің жарлығымен Бөкей хандығы құрылды, Кіші жүз қазақтарының Жайық пен Еділ аралығында көшіп-қонуы заңдастырылды


Қазақтар Башқұрт полкы құрамында Ресейдің Наполеонға қарсы Отан соғысына қатысты