Гималайдың қар барысы
20.02.2019 1868
Анатолий Букреев өзін әлем азаматы деп атайтын. Онысы дұрыс та шығар: Оралда туып, Қазақстанда тұрды, Америкада жаттықты, бірақ дегенмен де көп уақытын Непал тауларында өткізді

1996 жылдың мамырында соңғы рет тауға көтерілген қазақстандық альпинисті Непал ақыры жібермеді, бұл оқиға «Джомолунгмадағы қайғы» деген атпен тарихқа енді.

Анатолий Букреев 1958 жылы 16 қаңтарда көпбалалы отбасында дүниеге келген. Оның балалық шағы Челябі облысы Коркино қаласында өткен. Анатолий алғаш рет он екі жасында жас геологтардың секциясына келеді.

Татьяна Ретюнскаяның естелігі бойынша топ бір-екі күнде Оңтүстік Орал тауларына жорыққа шығуға дайындалып жатқан еді. Кішкентай Анатолийді бұл жорыққа алуды ешкім ойламаған да еді, бірақ та  дегенінен қайтпайтын Анатолий өзін бірге алуға көндіреді.

Советтік альпинистердің айтуынша, бұл жорық үшінші дәрежелі қиындықтағы жорық іріктемесіне кірген, алайда, Анатолий барлық нормативтерді үздік тапсырған. Кейіннен А.Букреев альпинизммен айналыса бастайды. Ол осы қиын ғылымды жанын сала үйренгенімен, оның қан қысымы жоғары болғандықтан, тауға шығуына рұқсат бермейді. Десе де, Букреев альпинист куәлігін алады.

Мектеп бітірген соң оған басшылық Челябі мемлекеттік педагогикалық институтының физика-математика факультетіне оқуға түсуге кеңес береді. Оқып жүрген кезінде ол Іле Алатауына жиі шығып жүреді, көп өтпей ол төрт мың метрлік Тянь-Шань шыңының ұшар басына шықты. Ал 1980 жылға қарай Ленин шыңына (7134 м) және Коммунизм шыңына (7495 м) шығады.

1979 жылы Букреев институт бітіріп, шаңғы спорты бойынша жаттықтырушының дипломын да алады.  Бірақ жүрегін тау шіркін еліктірмей  қоймады...

Оқу бітірген соң Анатолий туған қаласы Коркиноға оралуы керек болған, бірақ басшысының тілін тауып, Қазақстанға келеді. Букреевті Совет армиясы қатарына шақырады. Альпинизм бойынша Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Ерванд Ильинскийдің ұсынысы бойынша Букреевті Орта Азия әскери округінің спортротасына жібереді.

1985 жылға дейін Букреев ССРО-ның Ленин және Коммунизм шыңдарымен қоса Корженевская (7105 м) және Жеңіс (7439 м) сияқты биік шыңдарына шығып, «Барс» деген атақты иеленеді.

Екі жылдан кейін Анатолий Николаевич Екінші Советтік Гималай экспедициясы құрамына кандидат ретінде таңдалып алынады. Іріктеу жиындарында Ленин, Коммунизм, Эльбрус шыңдарына шығу керек болған, Анатолий бұлардың бәрінде де тамаша көрсеткіш көрсетеді: 4200 метрден 7134 метрге дейін 8 сағатта көтерілсе, түсуге 6 сағат жұмсаған.

Екінші советтік Гималай экспедициясы 1989 жылдың ақпанында басталады. 4 наурызда 5500 метр биіктікте алғашқы лагерь орнатылады, 14 наурызда – 6150 м биіктікте, 18 наурызда – 6450 м биіктікте, ал 20 наурызда – 7200 биіктікте лагерьлер орнатылады. Соңғы лагерьден Канченджанге шыңына үш жол апаратын: оңтүстік – оңтүстік шыңға қарай (8491 м), батыс – Ялунг-Канг (8505 м) және орталық – Негізгі шың (8586 м). 1-2 мамырда бірнеше топтарға бөлінген экспедиция толық құрамымен Канченджанге шыңына жетеді, сол үшін барлық қатысушылар еңбегі сіңген спорт шебері және халықаралық дәрежедегі спорт шебері атақтарын алады.  

Бұл А. Букреевтің 8000 метрлік биіктікке жасаған алғашқы экспедициясы еді. Шыңға көтеріліу кезінде басшылық талабы бойынша ол оттегі баллонын қолданады. Кейінгі экспедицияларында ол тағы бір рет, 1997 жылы Эверестке шыққан кезінде оттегі баллонын қолданады. Жылдың аяғында Анатолий Букреев Эльбруске жылдамдықпен шығу бойынша бірінші жарыстарға қатысады. Америкалық журналист әйел Элизабет Уолд Букреевтен сұхбат алып, ол кейін «Climbing» журналында басылып шығады.

Букреевтің танымал болғандығы сонша, 1990 жылдың көктемінде ол альпинизм туралы фильмдер фестиваліне шақырту алады, басқа фильмдердің ішінде Канченджанганың советтік альпинистердің бағындыруы туралы да фильм болған еді. Кейін А. Букреев былай деп еске алады:

«Бұл жерде өмір сүру өте қымбат, бәріне ақша төлеу керек. Ал ақша төлеу үшін жұмыс істеу керек және оны жақсы істеу керек... Бұл жерде бәрі адамның өзіне байланысты. Олардың өмірлерінде әлсіздікті кешірмейтін, бірақ сонымен қоса адамдарды күштірек ете түсетін бір қаталдық бар сияқты. Мүмкін бұл дұрыс та шығар».

Сол сапарында А. Букреев көптеген америкалық әріптестерімен танысады.  Солардың көмегімен Букреев «Fantasy Ridge Mountain Guides» компаниясында биіктікке шығушы-гид болып жұмысқа тұрады. Осы уақыттан бастап Букреев Солтүстік Америка тауларының шыңдарына шығу бойынша коммерциялық турлар өткізе бастайды. Гид ретінде А. Букреев 10 сағат 30 минут ішінде Мак-Кинли шыңына шығады, бұл – тарихтағы шыңға ең жылдам шығу.

1990 жылдың 22 тамызында Анатолий Букреев үшінші рет 36 сағатта Жеңіс шыңына шығады. Күзде Эльбрусқа жылдам шығу бойынша 4200 метрден 5621 метрге 1 сағат 47 минутта тік көтеріліп рекорд орнатады. 1991 жылдың көктемінде қазақстандық альпинистер батыс қапталмен жаңа маршрут бойынша Дхаулагириге өзіндік экспедиция ұйымдастырады.  11 қатысушының 10-ы мақсаттарына жетеді: Букреев тағы бірінші болып келеді (10 мамырда), басқалары тек 13 мамырда ғана жетеді.

1993 жылдың жазында неміс альпинисі Райнмар Йосвиг «Северное сияние» шыңына экспедиция жинайды. Экспедиция құрамына Йосвиг, Букреев, Петер Мецгер, Эрнст Эберардт, Даниэл Биднер, Рафаэль Йенсен және Эндрю Лок кіреді. Соңғысы былай деп ағынан жарылады:

«Мен команда қатысушыларын толықтай білген жоқпын, бірақ тізімде ерекше тұрған Анатолий Букреевтің есімін көріп, бірден келістім. Анатолиймен 1991 жылы Эвересте кездескем және оның биіктіктегі төтенше жұмыс қабілетін өз көзіммен көргем. К2-де ол машина болды дерсіз».

Ең тәжірибелі альпинист ретінде Букреевке өңдеуге маршруттың ең қауіпті аймақтары берілді. 

Өкінішке қарай, бірлескен топтың шыңға сәтті шығысы қайғысыз болмады. Эндрю Лок түскен соң Букреевтің соңынан түсіп келе жатқан Мецгердің құлап қаза болғаны, ал Рафаэль Йенсен түскеннен кейін Райнмар Йосвиг пен Даниэл Биднердің де қаза болғандары белгілі болды.

1994 жылғы көктемде Букреев 1990 жылы қаза тапқан қазақстандық альпинистердің құрметіне арналған Манаслу (8162 м) шыңына шығуға арналған альпинистік экспедицияға қатысуға шақырту алады. Катмандуға ұшар алдында экспедиция болмайтыны белгілі болғанымен, Букреев ұшуға шешім қабылдайды.

Непалда Анатолий коммерциялық гид болып орналаспақшы болады, бірақ онысынан түк шықпайды. Ақыр аяғында А. Букреев тұңғыш ұлттық грузин экспедициясы құрамынан орын табады, бірақ «бірақ экспедиция даңқты альпинистің команда құрамында болуы олардың өздерінің спорттық жетістіктерін төмендетіп жіберуі мүмкін деп қорыққандықтарынан» Букреев көбінесе жалғыз көтеріледі. 8 қазанда Букреев Дхаулагири шыңына шығады.

«Шыңда тұрып, мен өз жетістігіме қуанған жоқпын. Мен кенеттен ақырғы нәтижеден гөрі процестің өзінің маңызды екенін түсіндім. Адамға таумен емес, өзімен күресу үнемі қажет екен. Таудың күші мызғымас, мүлтіксіз, ал адам үнемі ізденісте, дамуда болады».  

Бұл экспедиция аяқталған соң, Букреев Катмандуға оралып, сол жерде экспедицияны қайта шығаруға, бірақ басқа маршрутпен және жылдың басқа мезгілінде шығуға шешім қабылдаған қазақстандық делегацияны қарсы алады. Жаңа ғана 8000 метр биіктікке шығып келген Букреевтен жылдам жауап керек болады:

«Экспедицияның егжей-тегжейі кейін бір-ақ белгілі болды, Катмандуда менің тәжірибеме мұқтаж қазақстандық экспедицияға қосылуға дайынмын ба деген сұраққа жауап беруім керек болды. Әрине, мен шаршаған едім, бірақ мен ойланбастан «иә» деп жауап бердім, өйткені Манаслуға жасалатын экспедицияның сәтті болатынына күмәнданған жоқпын, оның үстіне бұл экспедиция арналған альпинистерді жақсы білгем».

Анатолий Николаевич экспедиция мүшелерінің бір ырғақта жұмыс істегендерін еске алады. 8 желтоқсанда, бір жарым сағаттан кейін барлық альпинистер (Михайлов пен Грековтан басқа) Манаслудың шыңына шығады. Аяқ-қолдарын үсітіп алу қаупі болғаннан кейін Михайлов пен Греков лагерьде қалған еді.

Үш сағаттан кейін бұл екеуіне шыңнан түскен Букреев пен Шавхат Гатаулин келіп қосылады.

«Қыста Манаслуға шығу оңай дүние емес. Бұл Қазақстан командасының қалыптасу жолындағы маңызды жеңістердің бірі ғана деп сенгім келеді. Біз таңдаған жол экономикалық мәселелерден, саяси тартыстарға қатты тәуелді емес деп үміттенем, ал ол бізді әр кез бұлттарға жетелеп, тауға қарай итермелейтін ішкі ұмтылысымызға ғана тәуелді деп сенемін».

Анатолий Букреев  1995 жылдың аяғында Скотт Фишер басқаратын «Горное безумие» компаниясы Букреевпен Джомолунгмаға жасалатын коммерциялық экспедицияны келіседі. Экспедиция 1996 жылдың көктемінде басталуы керек еді, ал Букреевтің міндеті ұйымдастыру жұмыстарымен айналысу болды. Генри Тоддтың айтуынша, Фишер экспедициясына Букреевтің қатысуы «...қауіпсіздіктің анағұрлым жоғары деңгейін қамтамасыз ететін...». Ал Букреевтің қатысуы туралы Скоттан сұрағанда: «егер біз бірдеңеге ұрынып қалсақ, одан алып шығу үшін бізбен бірге Толя болады», – деген.

Букреевтің альпинистер тобына он бір адам кірді. Олардың барлығында да қажетті дағдылары мен тәжірибелері болатын, бірақ олардың ешқайсысы мұндай биіктікке шығып көрмеген еді. Биіктікке шығудың классикалық бағыттары. Сол жақтан – солтүстіктен, оң жақтан – оңтүстіктен 30 наурызда топ алғашқы базалық лагерьге келеді, ал 3 мамырда жоспарланған жерсіну процедуралары аяқталады.

9 мамырда экспедиция жолға шығады. Олармен бірге сол бағыт бойынша «Шытырмандағы кеңес шеберлері» компаниясының тобы және «Макалу» Тайвань ұлттық экспедициясы да жолға шығады, бұл жолдың қиын бөліктерінен өту бойынша Букреев экспедициясын қатты бөгейді. Мұндай биіктікте уақытты жоғалту оттегіні жоғалтумен бірдей.

Букреев Эверестке бірінші болып көтерілді, оның ізін ала бере 24 адам көтеріледі, бірақ оның 19-ы ғана кері түседі. Букреев шың басында бір сағатқа жуық болады, бірақ басқаларымен байланыс болмағандықтан, оның үстіне суық әрі оттегі аздығынан төмен түсуге шешім қабылдайды. Төменде Букреев Скотт Фишерді кездестіреді, ол оның Хиллари сатысына түсу туралы шешімін құп көреді.

«Фишерді кездестіргенде өз күшіме деген сенімді сездім және егер қазір жылдам түссем, онда қажеттінің бәрін жасай алатынымды білдім. Төртінші лагерьден біздің бағытымыз жақсы көрініп тұрғандықтан, мен таудағы жағдайды бақылай алатынмын. Сол кезде ауа-райының өзгеруінің ешбір белгісі байқалған жоқ».

Букреев лагерьге түсіп, артта қалғандарды бір жарым сағатқа жуық тосады, бірақ ешкім келмейді. Сосын Букреев шай құйылған термос пен оттегі баллондарын алып, шыңға қайта баруға шешім қабылдайды. Бірақ бұл әрекетінен нәтиже шықпай, өзі лагерьге әрең дегенде қайта оралады. Кешке қарай лагерьге бірінші клиент келеді, бірақ қатты әлсірегендіктен ештеңе түсіндіре алмайды. Оның артынан тағы да үш альпинист келеді, Букреев солардан шыңдағы жағдай туралы сұрастырып біледі.

Әдетте Непал тауларына шыққан кезде альпинистер жергілікті шерптердің қызметін пайдаланады, олар альпинистердің ауыр рюкзактарын көтеріп жүретін. Лагерьге келген соң шерптердің бірі Фишерге де көмек керектігін жеткізеді. Түнде Анатолий жоғалғандарды іздеуге аттанады, бірақ жолда «Шытырмандағы кеңес шеберлері» тобының мүшелерін ғана кездестіреді.

Букреев төрт альпинистің үшеуін ғана құтқара алады. Келесі күні Анатолий Букреев Фишерге көмекке шығады, бірақ ол қайтыс болған екен. Сол күні қатты дауылдан барлығы бес альпинист қаза тапқан. «Горное безумие» экспедициясы  Бұл трагедиядан кейін үш күннен соң А. Букреев тағы да экспедицияға шығады, бірақ бұл жолы көрші Лхоцзе шыңына бет алады. Бұл көтерілу Джомолунгмаға дейін келісіліп, ақшасы төленіп қойылған еді. Экспедицияға басқаларымен бірге осыдан бірнеше күн бұрын қаза тапқан Скотт Фишер де қатысуы керек еді. Бұл туралы Анатолийдің өзі былай дейді:

«Бұны Скоттың өлімінен кейін бірден істеу мен үшін маңызды болып көрінді. Бірақ кейбіреулер үшін бұл түсініксіз әрі амбициямды қанағаттандыру үшін жасаған әрекет сияқты болып көрінуі мүмкін. Сол кезде Лхоцзеге шығу мен үшін Скотпен қоштасу сияқты болып көрінді».

1996 жылдың 17 мамыры Букреев өзінің жетінші сегіз мың метрлік биіктігіне көтерілді. Бірнеше айдан кейін «Outside» журналына сол трагедия туралы «Шытырмандағы кеңес шеберлері» тобының қатысушысы Джон Кракауэр жазған материал жарық көреді. Оқиғаның реттілігі сақталғанымен, Букреевтің «өз бетімен» әрекет етуі дұрыс сипатталмаған. Іс жүзінде Д. Кракауэр Букреевті тау шыңын тастап, лагерьге түскенін айыптаған. Бірақ Букреевті қорғаушылар да болды.

«Менің ойымша, Кракауэр Анатолий Букреевқа өте қаталдау қарайды, Букреев төтенше ерлігі мен жедел әрекет ету қабілетіне сай бірнеше рет Оңтүстіктегі дауылдан аман қалғандарды құтқарды емес пе?» (Стивен Венеблс).

«Бірақ, дәл осы Букреев өмірлік тәжірибесінің арқасында 10-12 мамыр айында шыңның төмен жағында болған 3 адамның өмірін аман алып қалған» (Хариш Кападия). 

«Жоғарыда 5 гидтің болғанына қарамастан Букреев келушілердің мәселелерін алдын ала білген. Ол әдейі демалуға төменге түскен. Оның батырлығы жайдан жай емес» (Гален Роуэлл).

Мақалаға қарамастан, Букреевтің батылдығы мойындалды: АҚШ Конгресі Өкілдері Палатасының жеке алғысымен және Дэвид Соулс медалімен марапатталады.

1996 жылдың аяғында Индонезия үкіметі Букреевке Эверестке шығу бойынша тұңғыш Индонезия экспедициясын басқаруға ұсыныс жасайды. Экспедиция 1997 жылдың көктемінде басталуы керек еді. Букреев келісімін береді.

«Эверестке экспедицияны бастау мені екі себеппен қызықтырды. Біріншіден, менің таудағы миссиям әлі аяқталмағанын сездім. Былтырғы көктемде қайғы жағдай болған жерге барып, Скотт Фишер мен Ясуко Намбаны құрметпен жерлемекші болдым. Олар үшін менің қолымнан басқа не келетін еді?»  

Букреев индонезиялық топтың дайындығын өзі бақылап, Владимир Башкиров пен Евгений Виноградский сынды таныстарын топқа қосады. Жаттығу мен таңдау өте қатаң өтті, қырық адамның отызы сыннан өте алмайды. Тағы жеті адам жерсіну шаралары кезінде топтан кетеді.

19 наурызда үш гид пен үш индонезиялық биіктікке шығуға негізгі лагерьден шығады, 26 сәуірде Букреев бір индонезиялықпен шыңға шығады. Қалған екеуі шыңға бар болғаны бірнеше метр қалғанда кері қайтады. Индонезиялықтарды кері қарай Башкиров әкетеді, ал Букреев пен Виноградский Фишердің мәйітін тауып, шағын зират жасап, мәйітті орауға арналған америкалық жалауды әлем шыңына тігеді. Келесі күні Ясуко Намбаның мәйітін тауып, оған да шағын зират жасап, күйеуіне беру үшін бірнеше жеке затын алады.

Индонезиялық экспедицияның сәтті көтерілгені үшін Индонезия президентінің ағасы Анатолийге берет пен кездік және Үнді мұхитындағы шағын бір аралды сыйға тартады, бірақ, айта кету керек, Анатолий бұл аралда болып үлгермейді. Бұл экспедиция турасында А. Букреев жиі қалжыңдайтын:  

«Индонезиялық әскерилерді үйреткен бірінші нәрсем – қар үстінде ұйықтау. Және, біріншіден, олардың банан жеулерін қойдырдым».

Ең биік шыңдарға шығу Букреевтің қара басының қамы ғана болған жоқ. Букреевпен Тянь-Шаньға бірге көтерілген Райнхольд Месснер Анатолийге әлемнің ең биік, аса қиын шыңдарына әлі ешкім өтіп көрмеген бағытпен жүріп көруді ұсынады. Олар Аннапурну шыңына альпілік тәсілмен Оңтүстік қабырға бойынша көтерілуді жоспарлайды. Бұл Гималай тауларына көтерілу тарихындағы ең айтулы оқиға болар еді.

2 желтоқсанда альпинистер негізгі лагерьге келеді. Тау бөктеріне үш аптадан кем уақытта 4 метрге жуық қар жауыпты, ал бұл сең көшу қауіп туғызатын.  25 желтоқсанда түсте Аннапурна жотасынан қар жиегі құлап, қатты қар көшкінін тудырады. Букреевпен бірге экспедицияға шыққан Симоне Моро былай дейді:

«Төбемнен маған қармен араласып мұз бен жартас кесектері құлап жатты... Мен Анатолий мен Дмитрийге қатер туралы айғайлап қана үлгердім ғой деймін, олар сең соққысынан құтылу үшін аулаққа жылдам жұлқып қалғандары есімде. Сағат 12:37-де жартылай қарға көміліп, 5500 метр биіктікте тоқтадым. Бір көзім көрмейді, қол еттерім сүйекке дейін жырылған, киімімнің жұлма-жұлмасы шыққан... Мен Анатолий мен Дмитрийді рациямен шақырдым, бірақ олар жауап қатпады. 15 минут жүрдім, бірақ олардың дыбыстары шықпады».  

Ресми ақпаратқа сәйкес Букреев 1997 жылғы 25 желтоқсанда сол қар көшкінінде қаза болған. 16 сағат өткеннен кейін Моро Непал деревнясына келіп, апат туралы хабарлайды. Үш тәуліктен соң Моро тікұшақпен келіп, Букреевтің шамамен қаза тапқан жерін тағы да айнала ұшады, бірақ аман қалғандардың ізі көрінбейді. Үш айдың ішінде екі құтқару операциясы жасалғанымен, олар еш нәтиже бермейді.  

Анатолий Букреев ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Абай шыңына шыққан кезінде жанында ілесіп жүрген Анатолий Букреев ешқашан үйленбеген, бірақ 1994 жылы Непалда танысқан Линда Уайлимен жақын қарым-қатынаста болған.

1998 жылғы 6 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Анатолий Букреев қаза болғаннан кейін «Ерлігі үшін» марапатына ұсынылды. Ал Аннапурнадағы базалық лагерьде мемориалдық ескерткіш қойылып, оған Букреевтің күнделігіндегі мына сөздер қашалық жазылған:

«Тау – менің өз амбициямды қанағаттандыратын стадион емес, олар – менің дініме құлшылық ететін ғибадатхана».