«Игорь полкі туралы жыр»: жаңа көзқарастар
24.02.2016 2254
Жырда небір кінәздерге мінездеме берілген. Бірін мінейді, сынайды, екіншісін мақтайды. Бәзбіреуіне мына Орыс жері үшін күрес, алыстағы сұлтанды қайтпексің, шамаңа қара, адаспа деп ақыл қоспақ

Жорық мәні 

Жыр нұсқасы 1797 жылы табылғаны жайлы хабар Еуропаға тараған. Ол оған шейін бірнеше рет өзгеріске ұшыраған сыңайлы. Себебі, жырда байырғы дінтану ұғымдарымен қоса, жырдың ең соңында «христьян» деген сөз қосылған. Мұның бертінде қосылған сөз екені көрініп-ақ тұр. 

Здрави князи и дружина, 

побарая за христьяны 

на поганыя плъки! 

Княземъ слава а дружине! 

Аминь. 

*** 

Жасасын кінәздер мен жауынгер, 

Күрескен христиан үшін, 

Жат жексұрын жасақпен. 

Кінәздерге даңқ және сарбаздарға! 

Әумин. 

Әуел бастан, Игорь жорығы жеке бастың, бір партияның қамынан туған аттаныс еді. Ел үшін, жер үшін емес. Діни аттаныс та емес. Жасырын жүріс. Ешқандай да ұлттық, мемлекетаралық ұрыс-керіске, діни қақтығысқа тіптен жол жоқтың, тек бақас, бақталастықтан туған, пайда қуған. Жеке тұлғалардың таққа, билікке таласы. «Билік үшін күрестің» деп кінәлуға тағы болмайды. Орыс тарихының атасы Карамзиннің жазуы бойынша қандай да болсын топ-тобыр князден жер жаулауды, кеңістікті кеңейтуді талап еткен. 

Саяси, әлеуметтік өмір солай. Билік байлыққа жол ашпақ. Үлкен билік – үйдей мүмкіншілік. Князь Игорь – кәсіби билік қуушы. Қожақпен жеке соғысуға Игорьдің шамасы жетпейтін, орыс княздерінің біріккен қолы Қожақты жеңе алмай жүргенде, қазақтардың жеріне соғысу мақсатымен ену дегеніңіз бүкіл өмірлік мақсат-мүддесінің тамырына балта шабу болар еді. Жоқ, Игорь жалаң идея үшін өзін құрбандыққа шалмас. Ол талай рет түркілермен ашық майданда кездесуден жалтарып, бойын сақтаған. Қожақтың қызына құда түскен адам. Атақ-даңқ іздейтін жас жігіттік мезгілден өткен кісі. Оған енді тек биліктің келесі сатысына көтерілу қажет-тін, балаларын да билікке баулыды. Саясатта жүрген адам сақ баспай ма, Игорьге көзсіз батыр атану да қажетсіз еді. Игорь – прагматик. Орынсыз шығынға жол бермейтін, есепке мығым, өз ісінің білгір маманы. Оның мақсаты княздіктен кетпеу, өсу, жоғарылау: 

О, стонати Руской земли, 

помянувше пръвую годину 

и пръвыхъ князей! 

Того старого Владимира 

нельзе бе пригвоздити 

къ горамъ киевьскымъ: 

сего бо ныне сташа стязи Рюриковы, 

а друзии Давидовы, 

нъ розно ся имъ хоботы пашутъ, 

копиа поютъ! 

«Жеті атасын кім арқалап жүрген» деп, қарттарын қиядан құлатқан кез. Ұрпақтар байланысы үзіліп, бәрін өзінен бастап, елдіктен кетіскен уақыт. Ата-баба дәстүрінен бас тарту, бірін-бірі күндеу. Бөлінгенді бөрі жеген, қандастар бір-бірінен ат құйрығын кесісіп, басқа одақтастар іздеп, тулары да, найзасы да әрқилы әнге салуда. Бүлік, бұлғақ. Бас-басына би болған... Бірлігі жараспаған. Өзінен аспаған. Ағайынан айырылу. Қилы, қияли заман: 

О, ыңқылдар әлі Русь жері, 

Еске ала бағзы заманды, 

Кінәздерін бұрын өткен! 

Қарт Владимирді болмады, 

Қағып тастау Киев тауларына мықандап. 

Екі айырылды байрағы, 

Бірі – Рюрик, бірі – Дәуіт, 

Тулары мен найзасы, 

Бөлек-бөлек желбіреп, 

Бүлік әні жортады. 

Жыр жазылған мезетте билік үшін тартыс Рюрик ұрпағының арасында жүріп жатты. Бәрі бір атаның баласы. Рюрик Скандинавиядан Новгород қаласына билік етуге келген хан деседі. Ал, скандинавтық хандардың арғы тегі Қазақ даласынан шыққан. Айналып келгенде, жырдағы половцылар мен орыс княздерінің түбі – бір. 

Бүлік басы – бөліну. «Біріңді қазақ, бірің дос Көрмесең, істің бәрі бос. Малыңды жауға, Басыңды дауға Қор қылма, қорға, татулас», – деп Абай айтса, Гегель де ежелгі дүниенің дана адамдарының өз халқыңның мінезіне сәйкес өмір сүру ақылдылық пен ізгілік деп тануын құптап, қолдаған. 

Бай бол, болыс бол, би бол, бизнесмен бол, буржуй бол, бюрократ бол – бәрі бір халықпен бір бол. Адам баласына адам баласының бәрі – дос. Қарым-қатынас. Қарым-туыс. Қат-одақ. Болу, қосылу. Қосақ. Қосағымен қоса ағар. Қарым-қатынас. Туыс және дос. 

Жыр авторы кім? 

Жырда небір кінәздерге мінездеме берілген. Бірін мінейді, сынайды, екіншісін мақтайды. Бәзбіреуіне басқаны қайтесің, мына Орыс жері үшін күрес, алыстағы сұлтанды қайтпексің, шамаңа қара, адаспа деп ақыл қоспақ. Крест жорығы аяқталмаған кезеңде орыс кінәздеріне ол іске араласпаңдар деп, жол сілтеп, сақтықта қорлық жоқ дейді. Жыршының сол кездің геосаясатынан хабары барлығы анық: 

Галичкы Осмомысле Ярославе! 

Высоко седиши на своемъ 

златокованнемъ столе, 

подперъ горы Угорскыи 

своими железными плъки, 

заступивъ королеви путь, 

затворивъ Дунаю ворота, 

меча бремены чрезъ облакы, 

суды рядя до Дуная. 

Грозы твоя по землямъ текутъ, 

отворяеши Киеву врата, 

стреляеши съ отня злата 

стола салътани за землями. 

Стреляй, господине, Кончака, 

поганого кощея, за землю Рускую, 

за раны Игоревы, 

буего Святъславлича! 

 *** 

Галицилік Ярослав 

Сегіз қырлы бір сырлы, 

Биікте асырың, 

алтын күрсі асқарлы, 

Угорь тауын иығымен тіреген, 

темір түзем сардары, 

бөгеп жолын корольдің, 

жапқан Дунай қақпасын. 

Беренді бұлттан асыра, 

Жүргіздің кеме Дунайда, 

Домыт-додаң бұлаң жол, 

Киевтің ашар есігін, 

Дарымас оғың сұлтанға, 

Кетер қаңғып далаңға, 

Алтын тақтан атқанмен, 

Атсаң ат, мырза Құлыншақты, 

Кек кернеген құсшыны, 

Орыс жері, жарасы үшін, 

Игорь ұлы Святославтің. 

Жыр тұнып тұрған сын. 

Жырдың авторы белгісіз болып қалуының себебінің бірі осында. Абай айтпап па еді: «Қанша қарсы келсең де, көптің көзінше көріне сөйлеме». Жыр – сын. Көптің көзінше көріне сөйлеу дегеніңіз – соғыс жариялаумен бірдей. Ашық кетісу. Шегінерге жол жоқ. Өзіңе де қауіпті, іске де зиян. Айтатын жерін білу. Артқыға ой саларлық сөз қалдырған. 

Жырау өз заманының бейнесін айна-қатесіз дәл, нақты, кемсітпей, кемітпей, асырмай да жасырмай бере білген, ақиқаттан айнымай. Жыр – заман айнасы: 

Тогда, при Олзе Гориславличи, 

сеяшется и растяшеть усобицами, 

погибашеть жизнь Даждьбожа внука, 

въ княжихъ крамолахъ 

веци человекомь скратишась. 

Тогда по Руской земли 

ретко ратаеве кикахуть, 

нъ часто врани граяхуть, 

трупиа себе деляче, 

а галици свою речь говоряхуть, 

хотять полетети на уедие. 

***

Кезінде Олег Күйіктің, 

өсіп-өнді өшпенділік. 

Қаза жетті Құдай берген балаға, 

Кінәздердің сойқанында 

қысқарды адам өмірі. 

Онда Орыс жерінде, 

Сирек естілетін егінші сөзі де, 

Құзғындар қарқылдайды, 

өлексені бөлісіп өзара, 

ұзақ қарға ұшпақ, 

самбырлап тегін олжа таппаққа. 

Жырау замандас кінәздерді егін салудың орнына тақ таласында өлім екті деп айыптайды. Қантөгіс. Қырғын. Тыныш отырмау. 

Татран 

Татраны – татар емес, татран. Арғы тегі аңыздық Трайтаон. Трай та он. Трай. Та трай. Тырай. Тырапай қашты. Тырапайдан трофей сөзі туған. Татран. Черниговтік быля – біллә, білгі. 

Шельбиры 

Шельбиры – қаңлы; Шельбиры: шылбыр, қаңлы тайпасының бір таңбасы – шылбыр, қазақта шылбыр беру деген сөз, «билік беру» деген ұғым тудырады. 

Марат Ақторғайұлы, зерттеуші

(Жалғасы бар...)