АҚШ Орталық барлау басқармасының деректері не дейді?
24.01.2017 2434
Қазақтардың шығуы тайпасы мен иесінен бөлінген, кезбе және бас имейтін деген мағынаны білдіретін «қазақ» деген атаудан бастау алады. Бұл атау орыс, поляк, украина тілдеріне енген және ұқсас айтылады

АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы қазақтар және олардың тарихына қатысты жинаған деректерді жарыққа шығара бастады. Нақтырақ айтқанда, 1995 жылы президент Билл Клинтонның жарлығымен құпиялылығын жойылған 775 мың құжатты интернетке орналастырды.

Бастапқыда Орталық барлау басқармасы барлық құжаттарды онлайнда жария ету үшін 28 жыл қажет болатынын хабарлаған болатын. 2015 жылы бұл уақытты алты жылға қысқартты.

Жарияланған құжаттар әр түрлі тақырыптарды қамтиды, оның ішінде қазақ тарихына қатысты материалдар негізінен қазақ атауынынң шығу тегін және қазақ мемлекетінің негізі қалануы жайындағы оқиғаларды сипаттайды.

Қазақтардың шығуы тайпасы мен иесінен бөлінген, кезбе және бас имейтін деген мағынаны білдіретін  «қазақ» деген атаудан бастау алады. Бұл атау орыс, поляк, украина тілдеріне енген және ұқсас айтылады. Алайда, бұл атаудың ағылшын нұсқасы славянша айтылуды казАк-тан кОсак-қа өзгертті.

Шыңжаң қазақтары мен КСРО қазақтары салыстырмалы жақын уақытқа дейін ортақ тарихқа ие болды. Шығу тегі бойынша олар Шыңғыс ханның ұлы Шағатай ұлысының бір бөлігі болды. Олар кейін Шыңғыс ханның ұлы Жошы ханың ұлысының  мұрагер-мемлекеті – Өзбек хандығына қосылды. Орыстар арасында Алтын Орда ретінде белгілі Өзбек хандығы сұлтандар мен ханзадалар арасында үнемі алауыздықтар мен келіспеушіліктерге тап болып отырды. 15 ғасырдың ортасында билік етуші ханның ең ықпалды қарсыласы Барақ әулетінің екі сұлтаны Өзбек хандығын тастап, Моғолстанға көшті. Ташкенттен бастап Жоңғарияға дейінгі аумаққа иелік етіп отырған Моғол хан өзінің жауы өзбектерге қарсы жақтастар тауып беруге үміттенді, сұлтандарға және оның туыстарына Шу өзенінің солтүстігінен бастап Сарысудың шығысына дейін жайылымдылық жерлер бөліп береді. Осы шағын топтың ұлттық мемлекетке айналуы 15 ғасырдың аяғында аяқталған жоқ. Ол кезде өзбектер Ішкі Азияның оңтүстік аймақтарын жаулап алып, отырықшы халықпен тығыз байланыс орнату арқасында көшпенді өмір салтынан бас тартты. Кейбір тайпалар кейін Өзбек хандығынан бөлініп, қазақтарға қосылды, ол кезде қазақтардың шекарасы батысқа қарай көп ығысты.