
Мұздық суымен нәрленетін көл 500 м ендікте 1 шықырым ұзындыққа созылады. Ең доғары температурасы 12,8 грудусқа жетеді. Көл кең алқаптың соңына орналасқан және алқаптың ежелгі мұздығының шеткі үйінділерінен құралған. Ауа райының салқын болуына орай, бұл жерде тау беткейлеріндегі адамдар мен жануарларды мазалайтын шыбында, маса да жоқ.
Іле өзеңінің саласының бірін жанай өтетін оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 154 шақырымға созылған Жетісудің басты көрікті жері – атақты Шарын арнасы. Құлама беткейлері, мұнаралар мен арқалардың биіктігі 150-300 метрге жетеді. Табиғаттың мыңдаған жылдары жасаған жартастардың ерекше түрлері балалық шақтағы ертегілері жөнінде естеліктерді жеткізгендей болады. Сондықтан да арнаның әр түрлі учаскелеріне көп жылдар бұрын «Қамалдар аңғары» (ең танымал арналардың бірі), «Мыстандар шатқалы» сияқты сырға толы атаулар берілген. Қызыл тас болып қатып қалған құмдауықпен төселген жартасты құламалары әсіресе күн батысында әсем көрінеді және ковбойлар, үндістер мен Жабайы батыс туралы фильмдерімен байланысын байқауға болады. Арнаның көпшілікке мәлімі болғаны онда соғды шетені мен тораңғы азиат терегі сияқты өсімдіктердің реликт (ескі заманнан сақталып қалған қалдықтар) түрлері сақталған.