Көктөбе – Іле Алатауының бөктеріндегі көрікті жерде орналасқан төбе. Алматы қаласының оңтүстік-шығысында. Абсолют биіктігі 1070 м, салыстырмалы биіктігі 370 м-дей. Беткейлері тіктеу келген. Оларда бұта, жусан аралас таудың әр түрлі астық тұқымдас шөптесіндері өскен. Көктөбеде биіктігі 372 м болатын телевизиялық мұнара, қала тұрғындарының демалыс аймақтары, т.б. орналасқан. Көктөбе – Алматы қаласына панорамалық шолу жасайтын орын саналады. Бұл – теңіз деңгейінен есептегенде әлемдегі ең биік мұнаралардың бірі.
Қаланың жоғарғы нүктесі — теңіз деңгейінен 1100 метр биіктікте орналасқан Көктөбе тауы. Сіздер әуе трамвайына отырып, арқанды жолмен көтеріліп, таудың керемет көрінісін көре аласыздар. Тау шыңынан таулар мен қаланың таңғажайып панорамасы ашылады.