Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English

Қапшағай су қоймасы

Қапшағай суқоймасы – Қазақстанның осындай типтегі ірі көлдерінің бірі, ұзындығы 100 км-ге, ені – 25 км-ге созылып жатыр. Қазіргі таңда бұл Алматы облысы бойынша жазғы уақытта  жағалаудағы демалыс ретіндегі ең көп қабылдайтын аймақ болып табылады.
Жағалаулық коттедждер мен көптеген демалыс үйлері  орналасқан солтүстік жағалауы өте танымал болып келеді.  Көптеген демалыс үйлері осындағы кешендердің бір бөлігі болып келеді.
 Бұл демалыс аймағына келу үшін алдымен Алматыдан 70 км қашықтықта орналасқан Қапшағай қаласына жетіп, суқоймадан өтіп және Талдықорған трассасымен тағы 30 км жүріп, көпірден оңға бұрылу керек.
Барлық демалыс аймақтарында демалушыларға моторлы қайық, катер, су шаңғыларын және яхта ұсынады.  Мұнда сіз көптеген кафелерге, дүкендерге, дискотека мен барлар қызметін қолдана аласыз.
 Жазғы уақытта мұнда өте ыстық, кейде ауа температурасы 40°-қа дейін жетеді. Сондықтан өзімен бірге панама және қүннен қорғайтын көзілдірік алып, күн сәулесінің тура түсуінен сақтану керек.  Су температурасы мамыр мен маусым айларында +18°С +20°С, шілде және  тамызда +22°С +28°С-қа дейін жетсе, қыркүйек  айында  +18°С  +20°С болады.