Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English

Қарағанды ЭкоМұражайы

Қарағанды ЭкоМұражайы – ТМД аймағындағы бұған тәріздес бірегей мұражайлардың бірі. Мұнда Қазақстан табиғи ресурстарының әр түрлілігі, олардың шығаруы мен кейінгі өндеуі туралы, Семей ядролық полигонының тарихы мен қазіргі қауіпсіздігі жөнінде, Байқоңыр ғарышалаңы мен ракеталардың апатқа ұшырағаны мен қирағаны туралы білуге болады. ЭкоМұражайда бүкіл өңірдің көптеген экспонаттары жинақталған: ракеталар мен ұшақтар бөлшектері, кеңес және кеңес заманынан кейінгі өндірістік және әскери техникасы. Мұндағы бірегей экспонаттардың бірі 1999 жылы Қазақстан аймағына құлап түскен «Протон» ракета тасымалдаушының отын багы (жанармай багы). ЭкоМұражайда Туристік Ақпарат Орталығы орналасқан, онда қала мен облыстың көрікті жерлері, бағдарлары мен орналастыру орындары жөнінде толық ақпарат алуға болады.