Жылдар өтiп жатыр, оқиғалар бiр-бiрiн алмастырып, келмеске кетiп жатыр, бiрақ солтүстiк қазақстандықтардың жадында Отанын қорғау және фашизмдi жеңу үшiн жанын қиған жерлестердiң теңдесi жоқ ерлiгi мәңгiбақи жадында қалады.
Қалалық мәдениет және демалыс саябағынан шығатын кең саяжолда жасыл желектер аясында тот баспайтын металдан жасалған он алты метрлiк обелиск тұр. Бұл ескерткiштi Ұлы Отан соғысынан қайтпаған солтүстiкқазақстандық жауынгерлерге 1970 жылғы 8 мамырда — фашистiк Германияны тiзе бүктiрген Жеңiстiң 25-жылдығы күнi ризашылығын бiлдiрген ұрпақтары қойған. Монумент көптеген күмiс жiптердi жинақтаған стелла түрiнде. Алдыңғы жағында — лавр тәжi, одан төмен "1941-1945жж. — Ұлы Отан соғысы жылдары Отан үшiн шайқастарда қаза тапқан жауынгер-петропавлдықтарға" сөздерi жазылған тақтайша бар.