Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English

Ұлы Отан соғысында жанын қиғандарға арналған мемориал

Ескерткіштің белгілерген жылы 1975 ж. Орналасқан жері; мекен-жайы: Қостанай қ., Жеңіс саябағы. Ұлы Отан соғысында қайтыс болғандарға арналған мемориал адам бейнесі –жауынгер түріндегі ескерткіш болып келеді, жауынгердің оң қолындағы автомат қару төмен түсіп тұр, ал сол қолында лавр жапырағы бар. Лавр жеңіс және татуласу белгісі, яғни соғыстың аяқталғанын көрсетеді. Жауынгердің жалпы биіктігі – 7м 40 см, ол жоғары сапалы цементтен, мәрмәр үгіндісінен және дюралюминийден жасалған. Мүсіннің артқы жағында қабырға орналасқан (ұзындығы – 18 м, биіктігі – 5 м), және де бұл қабырғада Қостанайдан шыққан жауынгерлердің толық аты-жөні жазылған мәрмәр тақталар орнатылған (528 бағанда 3648 есім жазылған).