«Красная стена» – 1918-19 жылдары қызыләскерлерді, партия және кеңсес қызметкерлері атылған жер. Тарихи-революциялық ескерткіш, Азамат соғысы кезіңдегі оқиғаның куәсі .
«10 сәуір түні колчак жәбірлеушілерінің жазалауы басталды. Тұтқындалған партизандарды, бейбіт азаматтарды, партизандарға көмек көрсеткен күдіктілерді Халықтық үйінің алдында, орыс-қырғыз училища алдында атылды. Адамдарды қой отары секілді айдап, қабырғаға тақап атты. Өлтірілген және атылған партизандардың мүрделері екі жеті бойы зират алаңына тасылды (ол кезде ол Баймағанмбетова көш. зиратқа шейін құрылмаған болатын). Ол кезде жасқақталған қаланың және жақын жерде орналасқан село тұрғындары ұзын, терең зират қазды.
Жылаған дауыстар мен айғайлар алаңда естіліп тұрды, әкелер, аналар, әйелдер өздерінің туғандары мен жақындарын іздеп табатын. Мүрделерді алаңнан алып кетуге рұқсат берілген жоқ, туысқандары мүрделерді жеке жерлеу үшін кейде түнде алып кететін. Екі жетіден кейін, алаңда мүрделердің сасық иісі шықанда ғана өлтірілегн және атылған партизандарды жерлеу аяқталды. Қаланың тұнжырап тұрған тыныштығын күнде туысқандар зиратының басында жылаған әйелдердің дауысы бұзатын».
Ескерткіштің сипаттамасы
1919 жыл – ескеркіштің белгіленген жылы.
Орналасқан мекен-жайы: Қостанай қ., Алтынсарин көш., 115
Қызыл қабырға – көпес мекенінің орында амбар көрінісі.
Қызыл қабырға кәдімгі сазды кірпіштен қаланған. Қабырғаның жоғарғы жағында оқ іздері көрініп тұр. Мемориалды тақтадағы жазу: «Осы қабырғада 1919 жылдың сәуірінде Колчак жәбірлеушілері Қостанай қаласы мен Қостанай уездінің қызыләскерлер мен қызыл партизандарын, партия және кеңес қызметкерлерін атуды өткізді.».