Қазақстан аумағында кейін майдан даласында ерлігімен даңқы шыққан (100, 101 атқыштар бригадасы) ірі әскери құрамалар жасақталды
1941 жыл
101-ші жеке атқыштар бригадасы 1941 жылы Ақтөбеде жасақталды. Жас қызыләскерлер жаттықтырылған соң 1942 жылдың қарашасында "Марс" стратегиялық шабуылдаушы операциясына қатысу үшін майданға жіберілді. Олар бірінші шайқасқа Алматыда жасақталған 100-ші атқыштар бригадасымен бірге 25 қарашада кірді. Әскери қимылдарға 1942 жылдың қазанынан 1943 жылдың қыркүйегіне дейін осы құрамда қатысты. 1943 жылдың желтоқсанында 1-ші атқыштар дивизиясы болып қайта құрылды. "Марс" операциясы сәтсіздікке ұшырады. Екі бригаданың санаулы күн ішінде 80 пайызы оққа ұшты. Шығын өте көп болғандықтан ол ауданда болған әскери құрамалардың соғыс қимылдары туралы ақпараттарды жариялауға тиым салынды. Құжаттардан құпия таңбасы кейінгі жылдарда ғана алынды.