Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Хронология

Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан

Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан

БКП (б) ОК "Звезда" мен «Ленинград" журналдары туралы" қаулысымен саяси қуғын-сүргіннің жаңа толқыны басталды. «Бекмаханов ісі».

 «Бекмаханов ісі» соның көрсеткіші болды. Тарих ғылымдарының докторы Е. Бекмаханов ғылым Академиясынан шығарылды. 1951-1952 жылдары ол Жамбыл облысы Шу ауданындағы орта мектептің бірінде жұмыс істеді. 1952 жылдың 4 желтоқсанында Қазақ КСР Жоғары сотының коллегиясы Бекмахановты 25 жылға соттады. Ол тек Сталин өлгеннен кейін 1954 жылдың көктемінде ақталып, Қазақстанға оралды.  .«Бекмаханов ісі» 1940-шы —1950-ші жылдардың басындағы жалғыз жазалау ісі емес еді.  республиканың көрнекті ғалым-қоғамтанушылары А. Жұбанов, Қ. Жұмалиев, Б. Сұлейменов, Е. Исмайылов, талантты жазушы Ю. Домбровскийлер саяси айыптаулардың   құрбаны болды. Саяси және буржуазиялық-ұлттық қателіктер жібергені үшін Ә. Әбішев, Қ. Аманжолов, Қ. Бекхожин, С. Бегалин және басқа да белгілі ғалымдар мен жазушылар негізсіз айыпталды. Қуғынға түскен Қазақ КСР ғылым академиясының Президенті Қ. Сәтбаев пен көрнекті жазушы және ғалым М. Әуезов Қазақстаннан Мәскеуге кетуге мәжбүр болды. Космополитизммен айыпталған бірқатар биолог ғалым, медиктер мен геологтар да республика ЖОО-ларының кафедраларынан, ғылыми мекемелерден қуылды. 


Ж. Шаяхметовтың Қазақстан БКП (б) бірінші хатшысы қызметінен алынуы және оның орнына П.К. Пономаренконың сайлануы

 Ол тыңды қажетті жағдайлар мен мүмкіндіктер жасай отырып игеру керек, олай етпесе "жерімізді жоғалтып алуымыз мүмкін" деп  есептеді.  "Қазақстанда жер жетеді. Жыл сайын біз жоспармен, мүмкіндіктеріміз бен қажеттіліктерімізді есепке ала отырып астық өндіру үшін әжептәуір жерді игереміз. Ол жұмыс міндетті түрде жалғасады. Бірақ біз 2-3 жылда 20-25 миллион гектар жерді қопарып тастауға түбегейлі қарсымыз. Қазақстанда жақсы жайылымды, бірнеше миллион тонна шөп дайындайтын шабындықты қажет ететін мал басы өсіп келе жатқанын да қаперден шығармау керек.",-деді ол.


Екібастұз кен орны іске қосылды


Шымкентте гидролиз зауыты іске қосылды
«Қазақ КСР ғылым Академиясын құру туралы» қаулы қабылданды


Теміртау қаласында әлеуметтік-саяси толқу болды