Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Хронология

Түрік қағанатының шығыс және батысқа бөлінуі

Түрік қағанаты (552-603 жж.)

Түркі қағанатының Шығыс пен Батысқа бөлінуі
Сюань Цзанның саяхаты
Кутейб ибн Муслимнің Испиджабқа жорығы
Білге қаған мен Күлтегіннің қарлұқтарға қарсы жорықтары

 Білгенің әскербасыларының бірі Тудын Ямтар қосыны қарлұқтарға шабуыл жасап, оларды бас июге мәжбүрледі, ал олжаланған жылқы үйірлерін Білгеге берілген тайпаларға таратып берді. Білге қол астына өзара соғыс кезінде айырылып қалған түркі және басқа да тайпаларды қаратты. 720-721 жылдарда Қытаймен болған соғыс қағанаттың империямен соңғы соғысы болды. Қытай императоры Сюаньцзунға солтүстік шекарасында орнаған бейбітшілік үшін көп шығындануға тура келді. Тек 727 жылы император Білге қағанның 30 жылқы "салығы" үшін сыйлыққа 100 мың тай жібек жіберді. 

Тан империя әскерінің Жетісуға басып кіруі

Түркі тайпалары мен династиялар арасында 16 жылға созылған өзара соғыс Жетісуға Тан империясы әсерінің баса-көктеп кіруіне әкелді. Олар   647 жылы Батыс түрік қағанатын басып алды. Тан губернаторлары батыс түркі тайпаларын қаған әулетінен өздері тағайындаған басшылар арқылы басқармақ болды. Алайда түркілердің тан басқыншылығы мен олар тағайындаған басшыларға қарсы үздіксіз күресі түркештер беделінің артуына және олардың 704 жылы Жетісуда саяси үстемдік орнатуына алып келді. 


Қапаған қаған билік құрған жылдар

Екінші Түрік қағанатының әскери-саяси қуаты кемелденген және құлдырауы басталған кезең.  693-706 жылдары Қапаған әскері Хуанхе өзенінен алты рет өтіп Солтүстік Қытай аумағына дендей енді. Қытай әскері оларға айтарлықтай қарсылық көрсете алмады. У патшайым Қапағанға орасан көлемде соғыс шығынын төледі. 696-697 жылдары Қапаған қидандарды бағындырып қытай әскерінің Хинган тауының бөктерінен солтүстік шығысқа жылжуын тоқтатты және сол арқылы қағанаттың шығыс қапталын қауіпсіздендірді. 699-708 жылдары Қапаған мемлекетінің солтүстік және батыс шекарасы Танна Ол, Алтай, Тарбағатай арқылы өтті.  Түркілер 706-707 жылдары байырқы тайпасын бағындыру арқылы Керуленнің жоғарғы ағысынан бастап Байқалға дейінгі жерлерді иеленді. 709-710 жылдары түркілер Тыбаны алып, Саяннан өтті де енисей қырғыздарына ауыр соққы берді. 711 жылы түркі әскері түркештерді жеңіп Жетісуды алды. Шегінген түркештерді түре қуғантолар Сырдариядан өтіпТохаристан шекарасына дейін жетті. Бірақ өз тылынан алысқа ұзап кеткен олар Самарқан түбіндегі арабтармен соғыста айтарлықтай шығынға ұшырап, көп қиындықпен Алтайға  (713-714) оралды.  Олардың соғыстағы жеңілістерін пайдаланған бағынышты тайпалар көтеріліске шықты. Әсіресе тоғыз оғыздар көтерілісі түркі империясына ауыр соққы болды. 5 рет жорық жасап (715 жылдар) олардың бүлігін басқанмен көтеріліс толық тоқтатылмады. 716 жылы байырқы тайпасының ұлы еркіні Толы өзенінің жағасындағы Қапаған ордасына шабуыл жасады. Шабуылға тойтарыс берілгенімен Қапаған тосқауылға тап болып қаза тапты.