«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Хронология

Қола дәуірі кезіндегі Қазақстан (б.з.д. XXVI-VIII ғғ) )

Сақтар (б. з. б. VII-IV ғғ.)

Соңғы дәуір. Сарғары-Алексеев мәдениеті

Сарғары-Алексеев мәдениеті – екі ескерткіштің атына байланысты аталған: Сарығары кешені (Ақмола обл) және Алексеев қонысы (Қостанай обл). Бұл мәдениеттің ескерткіштері Қазақстанның барлық территориясында, сондай-ақ Ресейдегі Алтай далаларында бар. Олардың дүние-мүліктерінің міндетті сыңары қыш ыдыстар, мойны түгел жапсырылмалы немесе білікті әшекеймен көмкерілген. Бұл мәдениеттің екі жүзге жуық қоныстары белгілі (мысалы, Сарығары, Алексеевск, Садчиковск, Атасу I, Мыржық, Бұғылы II, Қопа I) және 40-қа жуық қорымдар (мысалы, Сарығары, Қаратоғай, Ақтопырақ).

Көптеген қоныстардан (Атасу I, Талдысай) жекеменшік қола құю өндірісінің белгілері кездеседі – мыс қорыту пештері, қоқыстар, құю қалыптары. Соңғы қола дәуірінің заманалық тұрғындарының тұтас шаруашылығы негізінен мал шаруашылығы болды.

Сарығары-алексеев мәдениетінің бейіттері онша терең емес, айналасы таспен қоршалған шұнқырлардан тұрады. Орталық және Шығыс Қазақстандағы қорымдар әр түрлі тас конструкцияларымен ерекшеленеді.

Орталық Қазақстан тұрғындарының соңғы қола мәдениетінің көрнекті қорымдарына Беғазы-дәндібай аты берілді. Мәдениетке өз аттарын берген екі оба Қарағанды облысында (қазіргі кезде Дәндібай обасы су қоймасының астында қалды). Беғазы обасында сол кезеңнің орасан күрделі құрылысында-мавзолейде қазба жұмыстары жүргізілді. Олар төрт бұрышты жайлардан тұратын, қабырғалары ауыр тас кесектермен қаланып, биіктігі 2 метрге жуық үлкен тас тақталармен қоршалып, қазіргі күнге дейін сақталған. Өкініштісі, ерте кезде тоналып кеткен, бірақ қалған бұйымдар (қола заттар, ұқыпты жасалған ыдыстар) онда жерленген адамдардың әлеуметтік жағынан жоғары дәрежелі екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде, сонау қазба жұмыстарына елу жыл өткен соң Беғазы обасындағы мавзолейлерге қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Еңбек сүйгіш, Айбас-дарасы, Бұғылы-3, Саңғыру-1, Саңғыру-3, Ортау-2 (бәрі Қарағанды облысында) обаларындағы беғазы-дәндібай тас мавзолейлері зерттелді.

Қазіргі кездегі археологиядағы қордаланған ең маңызды мәселелер, Қазақстанның соңғы қола дәуіріне байланысты, екі мәдени құрылымның арақатынасы болып табылады. Олардың өмір сүруін мойындаумен қатар, Қазақстанның басым бөлігіндегі беғазы-дәндібай мәдениетінің көршілес Сібір және Оңтүстік Орал аймағындағы тайпаларға әсерін тигізгендігі туралы концепция жасалды. Ірі көлемді тас мавзолейлерде, осы концепцияға сай, жергілікті тайпалар одағының билеуші (көсемдері) жерленген, оларға қала типтес (Кент, Бұғылы-1 және т.б.) үлкен қоныстар қызмет етті, ал кіші-гірім обалар, қоныстар қарапайым тұрғындарға тиісті болды.

Сол кезеңнің ең үлкен ескерткіштерінің бірі, аумағы 30 га болатын және ежелгі қала мәртебесіне үміткер, сарғары керамикасы бар Кент қонысы (Қарағанды обл).

Қола дәуірінен ерте темір ғасырына өту кезеңі 

Бұл кезеңнің басты ескерткіші, керамикасы жағынан өзіндік ерекше (доңғалдық) сипаты бар, сарығары-алексеев ыдыстарында үйлесін тапқан, әрі келесі темір дәуірінде жалғасын тапқан Доңғал қонысы (Карағанды облысы). Доңғалдық керамикалар Қазақстан мен Алтайдың көптеген қоныстарынан, сондай-ақ Қызыл (Қарағанды облысы) обасының бейітінен табылды.

Бұл дәуірдің тұрғын-жайларының көлемі жағынан кішірейіп, жалпы архитектуралық сипаты өзгешеленіп тұруы – қабырғалары тақта тастардан қаланып, кесек тастан жасалған ошақтың болуы және кіре берісте «Г» тәрізді дәліздің болуы. Доңғал типті ескерткіштердің қалыптасуы олардың шаруашылық жүйесіндегі өзгерістермен байланысты, яғни көшпелі мал шаруашылығының жылжымалы түріне ауысуы, айналып келгенде, Еуразия жазығындағы тарихи үрдістердің үш мың жылдық бағытын айқындап, мәдени реңнің барлық болмысын өзгертті.

Оңтүстік Қазақстанда Бүргелік қонысынан табылған қазба материалдарындағы  қаржантау типтес керамикалар, доңғал ыдыстарына өте ұқсас келеді.