Атбасар қаласында көпшілікке арналған жалпыға ортақ кітапхана ашылды
1900 жыл
Қазақ тілінде және қазақ оқырманына түсінікті 400-ге жуық кітап шығарылды
1900-1917 жылдар
1917 жылға қарай, тұтас алғанда төңкеріске дейінгі кезеңде 700 жуық кітап, оның 156-сы 65800 таралыммен 1912-1916 жылдар аралығында жарық көрді. Жалпы Ресей бойынша 1912 жылы мұсылман оқырман үшін 2812130 дана таралыммен 608 кітап шығарылды.
Ресей ғалымы, ботаник әрі географы В.В. Сапожников Жетісуға саяхат жасады
1902 жыл
Верный қаласында көпшілікке арналған жалпыға ортақ кітапхана ашылды
1902 жыл
«Ульфат» газетінің қосымшасы түрінде «Серке» газетінің бірінші нөмірі шықты
1907 жыл 28 наурыз
Газеттің бар болғаны 3-4 нөмірі шыққан соң цензура оны сенімсіз басылым ретінде жауып тастады. Газет ІІ Мемлекеттік Думаның депутаты Шәймерден Косшығұлұлының бастамасымен, Ә. Ыбрайымовтың бірлескен редакторлығымен шығарылған.