«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Хронология

Қазақстанның Ресейге қосылуы (1731 ж.)
«Сібір қазақтары туралы» жарғы қабылданды

1824 жылы Қарқаралы, Құсмұрын окургі, 1831 жылы Аягөз округі, 1832 жылы Ақмола және Аманқарағай округтары, 1833 жылы Баянауыл, Ұшбұлақ округі, 1844 жылы Көкпекті округі ашылды. Орыстардың жаңадан енгізген әкімшілік құрлымы бойынша: 50-70 қожалық (отбасы) бірігіп 1 ауыл (ауылнай) болды. 10-12 ауыл бір болыс. 15-20 болыс бір округке біріктірілді. Округ басшылығына аға сұлтан отырды. Сұлтанның қол астында 4 кеңесшісі болды. Олардың екеуі орыс, екеуі қазақтан делінді. Оларды 2 жыл мерзімге губернатор тағайындады. Сұлтан болса 3 жыл мерзімге сайланды. Отарлаушылар дәстүрлі төрелер билігін әлсірету  үшін аға сұлтандыққа қара қазақты сайлау керек деп шешті. Осы арқылы ғасырлар бойы қалыптасқан унитарлық басқару тәртібін бұзды. Байырғы әскери-стратегиялық құрлым рулық жүйені осындай сайлаулар арқылы халықты ішінен ірітіп, бүлдіретін құралға айналдырды.Қазақтың көнеден келе жатқан саяси құрлымы, ел билеудің демократиялық тәсілі өзгерді. Күшпен енгізілген территориялық басқару жүйесінің мақсаты – ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі басқару тәсілін жойып, рулар мен рубасыларын араздастырып, айтқанға көнетін мәнсапқұмар, сатқын адамдардың қолына билік беруді көздеді. Оған дейін (жарғы қабылданғанға дейін) патша тыңшылары – ел арасында беделі бар, бірақ орыс патшасының оңтайына бағынатын дәулетті адамдардың тізімін жасап, отарлау ісіне пайдалану жайлы жоспар жасады.

Бөкей Ордасының соңғы ханы Жәңгір хан өмір сүрген жылдар

Жәңгір хан сауатты адам болған. Ол араб, парсы,орыс, татар, неміс тілдерін жақсы білген. 1841 жылы Ордада Жәңгір хан өз қаражатына жоғары мектеп ашып, М.Бабажанов, М.Бекмұхамедов, К.Шығаев, тағы басқалар білім алған. Сол жылы Жәңгір Бөкейұлы Қазан университеті жанындағы ғылыми кеңеске құрметті мүше болып сайланып, 1843 жылы генерал-майор атағын алады. Жәңгір хан асыл тұқымды жылқыларды өсірумен айналысқан. Ол қазақ шежіресін жинаумен, халықтың әдеби шығармаларымен шұғылданып, өзі де көптеген эпикалық туындылар жазған. 1844 жылы қазанда Жәңгірдің «Мұхтасар әл-фикғайат» атты еңбегі жарық көрген. Жәңгір хан тұсында Бөкей ордасында басқарудың жаңа жүйесі енгізіліп, хандық билер басқарған 12 әкімшілік орталыққа бөлінеді. Билер мен хандар кеңесі, тархандар институты қайта құрылған. Жәңгір хан екі мемлекет субъектілері арасындағы экономикалық қатынастарға бірқатар өзгерістер енгізді. Ол отырықшы өмірді жақтады, сондықтан да бұл процестің өріс алуы үшін жерге жеке меншікті енгізген. Ол салық жинауды күшейту бағытында да бірқатар істер атқарды. Мемлекеттік сауда саясаты тауар  айналымының көлемін ең жоғары жеңгейге дейін кеңейту және көпестердің ағылып келуі үшін жәрмеңкелер ұйымдастыру бағытында жүргізілді.

1845 жылы Жәңгір хан кенеттен белгісіз жағдайда қайтыс болған. Ол Бөкей ордасының үшінші және ең соңғы ханы болды. 

Өскеменде қазақтар үшін интернаты бар училище ашылды
Ұлы жүздің сұлтандары мен ағамандары «Ресей бодандығын қабылдауға байланысты міндеттерге» қол қойды