«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Хронология

Қазақстанның мәдени өмірі

Қазақстанның мәдени өмірі

КСРО ғылым академиясының казақстандық базасы құрылды
Қазақ өнері мен әдебиетінің Мәскеудегі онкүндігі

Кеңес билігі кезіндегі қазақ мәдениетінің жетістігін паш еткен қазақ өнері мен әдебиетінің Мәскеудегі онкүндігі. Ол Үлкен опера театрының сахнасында "Қыз Жібек" қойылымымен ашылды. Композиторы -  Е. Брусиловский. Либретто авторы  – Ғ. Мүсірепов. Онда бас партияны К. Байсейітова орындады. 

КСРО ғылым академиясының Қазақстандық базасы КССР ғылым академиясының Қазақстандық филиалы болып қайта құрылды

Бірқатар жоғары оқу орындарында ғылыми орталықтар жасақталды. Геологиялық және биологиялық ғылымдардың нәтижелері, тарихшы С.Д. Асфендияровтың, филолог К.К. Жұбановтың жарияланымдары, сондай-ақ профессор А.Н Сызғановтың зоб эндемиясын зерттеу және емдеу туралы еңбектері бүкілодақтық танымға ие болды.

Экранға тұңғыш қазақстандық көркем фильм "Амангелді" шықты


Орыс графикасы негізінде жаңа қазақ әліпбиі енгізілді
Қазақстанда 12 ғылыми-зерттеу институты, 15 тәжірибе стансасы, 186 тірек қосыны, зертханалар, гидрометеостансалар, бірнеше геологиялық барлау ұйымдары жұмыс істеді