«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Хронология

Қазақ мемлекетінің Ресейге қосылуы кезеңіндегі ұлт-азаттық күрестер
Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлының қолбасшылығымен қазақтар жергілікті билеушілер мен патша әкімшілігіне қарсы көтерілді
«Көрінбес-Көктемір» қозғалысы


Қазақтар Тентек төренің басшылығымен Қоқан хандығының езгісіне қарсы көтерілді
Саржан Қасымұлы бастаған көтеріліс

Саржан Қасымұлы Абылай ханның немересі. 1825-1836 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілістің жетекшісі. Ол қарқаралы уезі Қарпық болысының басқарушысы болды. Тақ мұрагері Ғубайдолла Уәлиұлы және өз әкесі Қасым сұлтанмен бірге Орта жүзде хан билігінің жойылуына наразылық білдірді және ресей билігінен округтарды жоюды, хан билігін қалпына келтіруді талап еттті.