«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Хронология

Қазақстанның мәдени өмірі (ХХ ғ. басы-ортасы-аяғы)

1970-1980 жылдардағы Қазақстан

Әулиеата қалалық жұмысшылар мен солдат депутаттар Кеңесі сауаттандыру мектептерін ұйымдастыру туралы мәселені қарастырып, осы мақсатқа қажетті қаржыны бөлуге шешім шығарды


Ғалым-өлкетанушы А. П. Чулошников бастаған ынталылар тобы Қазақстанды зерттеу Қоғамын құрды


ҚАКСР Халком-денсаулық жанынан өлкелік химия-бактериологиялық зертхана ашылды

Зертхана 1924 жылы өлкелік өсімдіктерді қорғау стансасы, 1925 жылы Халкомденсаулықтың санитарлық-бактериологиялық институты және Халкомжер жанындағы ветеринарлы-бактериологиялық институты, 1926 жылы тыңайтқыштар және агротопырақтану институты болып өзгерді.


Қызылорда қаласында тұңғыш қазақ кәсіби драма театры құрылды