«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Хронология

Қазақ хандығы
Тәуекел хан шартты бұзып Өзбек ханнан Сауран, Түркістан, Отырар, Сайрам қалаларын қайтарып алды


Дон, Еділ казактарының Жайық бойына шапқыншылық жасау салдарынан Сарайшық қаласы біржола қирады
Шығай хан билігі
Хақназар хан билігі

Қасым ханның баласы. Хақназар хан тұсында қазақ хандығы қайта бірігіп дами түсті. Ол ел басқару, қиын-қыстау, әскери-саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер болды. Аса күрделі сыртқы жағдайларда дипломатиялық дарыны мол майталман екендігін көрсетті.