1993 жылдың 19 қаңтарында «Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заң қабылданды. Еліміздің Қарулы Күштерінің құрылуы сонау кеңес заманынан бастап бастау алған. Бұрынғы кеңес армиясының бірлестіктері, құрамалары мен бөлімдері бүгінгі ҚРҚК-нің негізін құрады. Құрлық әскерлерінде жоғары болып маршал атағы, флотта (сол мезетте болмаған - автордың ескертуі) адмирал атағы саналды. Маршал атағы Қазақстанда берілмеген. Армия генералы атағы сол 1993 жылы Қазақстанның алғашқы қорғаныс министрі С.Қ. Нұрмағамбетовке берілді, екінші болып алған қорғаныс министрі М.Қ. Алтынбаев.
Бүгін тарихта
Тұңғыш қазақтан шыққан тарих ғылымдарының докторы Ермұхан Бекмахановтың туған күні
Жауынгер-интернационалистерді еске алу күні
Қазақтын әйгілі актері мен режиссері Шәкен Аймановтың туғанына 100 жыл