Жасанды интеллект медицинада адам өміріне қатысты шешім қабылдауға қаншалықты көмектесе алады? Донор мен реципиенттің сәйкестігін AI арқылы анықтау мүмкін бе? Ал жасанды интеллект дәрігерді алмастыра ала ма? Бүгінгі қонағымыз — Astana IT University студенті, CortexAI негізін қалаушы Асылжан Абдуллаев. CortexAI — бүйрек трансплантациясы кезінде донор мен реципиенттің медициналық, иммунологиялық және генетикалық көрсеткіштерін талдап, дәрігерге шешім қабылдауға көмектесетін қазақстандық MedTech жоба. Сұхбат барысында CortexAI-дың қалай пайда болғаны, технологияның жұмыс істеу принципі, медициналық AI-дың мүмкіндігі мен жауапкершілігі, жасанды интеллекттің болашағы және Қазақстаннан әлемдік деңгейдегі технологиялық жоба шығару мүмкіндігі туралы әңгімелестік.

Бөлісу