1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл тарихи құжат еліміздің тәуелсіздік алуына жол ашқан маңызды қадам болды.
Ұлттық мерекеге орай Түркия, Жапония, Қырғызстан және Башқұртстан өкілдері қазақстандықтарға жылы лебіздерін арнап, еліміздің жетістіктері, тарихи байланыстар мен халықтар арасындағы достық туралы ой бөлісті.
Олар Қазақстанның дамуына, ғылым мен білім саласындағы жетістіктеріне және халықаралық ынтымақтастықтың маңызына тоқталды.
Бөлісу