Астанада Әлихан Бөкейханның туғанына 160 жыл толуына арналған «Алаш Орда: біртұтас түркі әлемінің қайта жаңғыруы және Жошы Ұлысының тәжірибесі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ұйымдастырылған басқосуда отандық және шетелдік ғалымдар Алаш қозғалысының тарихи мұрасын, қазақ мемлекеттілігінің сабақтастығын және түркі халықтарының саяси байланыстарын талқылады. Сондай-ақ шетел архивтерінен табылған тың деректер таныстырылып, Алаш қайраткерлерінің мемлекет құру жолындағы қызметі мен халықаралық байланыстарына ерекше назар аударылды. Конференцияда көтерілген маңызды мәселелер туралы толығырақ біздің бейнематериалда.

Бөлісу