Белгілі ғалым, Абайтанушы Алмахан Мұқаметқалиқызы Абай Құнанбайұлының шығармашылығын ғылыми тұрғыда зерттейтін Абайтану ғылымының қалыптасуы мен дамуына жан-жақты тоқталды. Сұқбат барысында қазақ руханиятының негізін қалаған ойшылдың мұрасын зерделеген тұлғалар – Мұхтар Әуезов, Қайым Мұхамедханов, Мекемтас Мырзахметұлы сынды ірі абайтанушылардың еңбектері туралы және бүгінгі заман абайтанушыларының зерттеу бағыттары мен жаңа әдістемелері де сөз болды.
Бөлісу