Бүгінгі шығарылымда қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы күресінде ерекше орын алған – Алаш әскері туралы баяндаймыз. 20 ғасырдың басындағы аумалы-төкпелі заманда Алашорда үкіметі елдің тұтастығы мен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өз әскери күшін құруға мәжбүр болды. Бұл – ұлт тағдыры таразыға түскен қиын кезең еді. Алаш қайраткерлері еріктілерден құралған жасақтарды ұйымдастырып, әскери дайындықтан өткізіп, ел ішіндегі тәртіпті сақтау, большевиктік және ақгвардиялық топтардың шабуылынан қорғану үшін батыл қадамдарға барды.
Бұл шығарылымда:
Алаш жасағы қалай құрылды?
Оған кімдер қатысты және қандай міндет атқарды?
Қазақ жастарының патриоттық рухы мен әскери машығы қалай қалыптасты?
Алаш жасағының тарихи рөлі мен кейінгі тағдыры қандай болды?
Бөлісу