Отандық туризмді дамытудың бір жолы – тарихы орындарға саяхат ұйымдастыру. Белгілі ғалым, археолог Ұлан Үмітқалиев осылай дейді. Бірнеше жылдан бері көне дәуірлерді зерттеп келе жатқан профессор өз ұсыныстарын да жеткізді. Оның айтуынша, бір ғана Абай және Шығыс Қазақстан облыстарындағы архитектуралық ескерткіштер, жылқының ең алғаш рет қолға үйретілуі, атты ауыздықтап міну әсіресе шетелдік туристерді қызықтырары сөзсіз. Егер сол жерлерге бағыт жасалып, тоқтайтын орын, сервис дұрыс жолға қойылса, табысы мұнайдан да мол болар еді, туризм саласында оқып жатқан студенттерге де жұмыс орны ашылар еді, дейді ғалым.
Бөлісу