Өңірлерде әлі зерттелмеген, әлемдік сенсация жасайтын тың  ескерткіштер бар. Оларды зерттеуге шетелдік ғалымдар да аса қызығушылық танытып отыр. Абай облысы, Абай ауданы, Шыңғыстау тауларында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан белгілі археолог, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Археология және этнология кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., профессор Ұлан Үмітқалиев алдағы жоспарымен бөлісті. Ғалымның айтуынша, өңірде қола дәуіріндегі, Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ескерткіштері және ерте темір дәуірінің «мұртты обалары», орта ғасырлық түркі дәуірінің ескерткіштері орналасқан. Жалпы әр дәуірдің 100-ден астам ескерткіші бар. 

Бөлісу