Отандық тарихтағы трагедия – ашаршылық туралы алдыңғы буын ғалымдардың зерттеу еңбектерінің жалғасы ретінде соңғы жылдары бірнеше жинақтар мен том-том материалдар жарық көрді. Атап айтсақ, Мемлекет тарихы институты 1921-22 жылдардағы ашаршылық туралы еңбек жазса, Орталық архив ғалымдары ресейлік әріптестерімен бірлесе қос томдық шығарды. Ал, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ғалымдары Сенаттың қолдауымен 1928-34 жылдар толық қамтылған 10 томдық жинақты жарыққа шығарды. Бұл туралы тарих ғылымдарының кандидаты Ерлан Сайлаубай айтты. Сондай-ақ, тарихшы ХХ басындағы зобалаңның себеп-cалдарына тоқталды. 

Бөлісу