Белгілі тарихшы, Алаштанушы, тарих ғылымдарының кандидаты Ерлан Сайлаубай 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында ХХ ғасырдың басындағы зобалаңға тоқталды. Ғалымның айтуынша, Патша үкіметі құлаған соң оған бағынышты болған халықтар өз алдына дербес мемлекет құрғысы келді. Бастапқыда тұтастай тәуелсіздік сипатында болмаса да, автономия ретінде, ішкі басқару жүйесі бар ел болуды көздеді. «Қазақ қоғамын басқару үшін уақытша Қазақ-қырғыз Кеңесі құрылды. Ол үкімет ресми түрде және халық арасында «Алаш Орда» деп аталды. Алайда, большевиктер күшпен Бүкілресейлік құрылтай жиналысын таратып, бүкіл билікті қолдарына алды. Міне осыдан кейін жаппай қудалаулар басталды», дейді тарихшы.   

Бөлісу