Қазақстандағы ең үлкен лагерь КарЛАГ 1931 жылы құрылды. Басқармасы Қарағанды маңындағы Долинка елдімекенінің аумағында орналасты. Бұл мекемеге Кеңес одағының әр түкпірінен тұтқындар жеткізіліп, олар өнеркәсіп пен ауылшаруашылығы саласындағы жұмыстарға жегілді. 1943 жылы одан ЖезЛАГ бөлініп шықты да, кейін оны СтепЛАГ деп атады. Осы жерде 1954 жылы ГУЛАГ жүйесіндегі ең қайғылы Кеңгір көтерілісі болды. Ал АЛЖИР-ге «Отанына опасыздық жасады» деп айтыпталғандардың әйелдері мен бала-шағасы қамалды. Белгілі ғалым, тарих ғылымдарының докторы,профессор Тілеген Садықов қасіретке толы тарихи оқиғалар туралы баяндап берді. 

Бөлісу