26.05.2025
453
1930-1950 жылдары Қазақстанда 60-қа жуық еңбекпен түзету лагері болды – Тілеген Садықов
Белгілі тарихшы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры,тарих ғылымдарының докторы Тілеген Садықов саяси қуғын-сүргін құрбандарының тағдырына тоқталды. Ғалымның айтуынша, Кеңес үкіметін қолдамағандардың бәрі «жау»деп танылды. Оларды жазалау керек деген саясат белең алды. Соның нәтижесінде Ішкі істер халық комиссариатының (НКВД) жанынан ГУЛАГ деген мекеме құрылды. Ол КСРО аумағындағы, соның ішінде Қазақстандағылагерьлерді басқарды. «1950 жылдың екінші жартысына дейін Қазақстанда 60-қа жуық лагерьлер мен бөлімшелері болған. Яғни, еліміздің барлық облыстарындалагерь жүйесі болды деген сөз», - дейді ғалым.
Бөлісу