Белгілі тарихшы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ оқытушысы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Задаш Дүкенбаева Екінші дүниежүзілік соғыстың, соның ішінде Ұлы Отан соғысының адамзат баласына тигізген қасіреті мен зардабы орасан екенін айтады. «Адам саны бойынша КСРО халықтары қыруар шығынға ұшырады. Ресми деректер бойынша 27 млн деп көрсетілгенімен, қазіргі статистикалық көрсеткіштер әлі де арта түсетіні белгілі. Соның ішінде соғысқа қатысқан 600 мың қазақстандықтың 550 мыңнан астамы хабар ошарсыз кетті. Олардың аты- жөндері әлі де анықталып жатыр», дейді ғалым.
Бөлісу: