Бағдарламаның бұл шығарылымында металлургия тарихы туралы айтылады. Грек тарихшысы Геродот та, географы Страбон да Сақ тайпасы дәуірінде металлургия өндірісінің жақсы дамығанын жазған. Оны 1969 жылы археолог Кемел Ақышев бастаған мамандар Есік қаласының маңынан Алтын киімді адамның мүрдесін тапты. Сондай-ақ, ғұлама ғалым Әлкей Марғұланның еңбектерінде қазақ даласында ежелгі замандарда Ұлы Жібек жолына дейін Мыс жолы деген керуен жолы болғанын айтылады. Бұл металлургияның, кен өндірудің тарихы ерте кезден бастау алғанынын білдіреді. Тарихы терең метал өңдеу ісінің ұрпақтан ұрпаққа мұра боп Тәуелсіз Қазақстанның металлургия индустриясына айналғаны туралы толық ақпарат беріледі.