Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада белгілі баспагер, кәсіби аудармашы, синолог, қытайтанушы, қытайша-қазақша сөздіктер кешенінің негізін қалаған тіл ғалымы С.Найманның (Сапанұлы Найманғазы) «Ауылдан алыс сол жылдар» атты ғұмырнамалық эссе кітабының тұсаукесері өтті. Чарльз Диккенс, Ханс Андерсон, Эрнест Хемингуэй, Карл Маркс, Михаил Шолохов сынды әлемдік классиктердің және Қытай әдебиетінің көрнекті өкілдері Го Моро, Бажинның еңбектерін де қазақшаға аударған қаламгердің бұған дейін «Ленин туралы әңгімелер», «Арайлы аспан» (2 томдық), «Уақыт белгілері», «Гитлердің зауалы», «Андерсеннің балалар ертегілерінен», «Дэвид Копперфильд», «Балалар ертегілерінің бәйтерегі», «Шал мен теңіз» қатарлы 10 томдық аудармасы жарық көрген.