Қазақстан тарихы порталының студиясында белгілі қоғам қайраткері «Қара шаңырақ» РҚБ директоры, этнолог-тарихшы , ҚР Журналистер Одағының мүшесі - Шәкен Тұрар Саттарқызы қонақта болды. Тұрар Саттарқызы өскелең ұрпақтың адамгершілікке тәрбиелеу мәселелерін көтереді, отбасылық және ұлттық рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеумен, ұлттық мәдениет пен тарихты, дәстүрлер мен дүниетанымды дәріптеу арқылы мемлекеттік тіл мәртебесін көтерумен айналысады.