Қай ұлттың болмасын тарихын зерттегенде хаттардың алар орны ерекше. Олар арқылы жылнама жазылып, сол дәуірдің бет-бейнесі қалыптасқан. Хаттар көп құпияның бетін ашып, көп дүниенің нүктесін қойған. Бүгінгі санымызда қазақ ұлтының қалыптасуында ерекше рөл атқарған мәлім де беймәлім хаттарға тоқталамыз.