1917 жылдың қазанынан 1918 жылғы наурыздың басына дейін Кеңес өкіметі байтақ Ресейге билігін орнатты. Қазақ даласында Кеңес билігі алдымен теміржол бойындағы қалаларда орнады. 1917 жылы қарашада Әулиеата, Черняев қалаларында билік Кеңестің қолына көшті. 1917 жылғы 15-22 қарашада Ташкентте өлкелік съезд өткізілді. Съезде Түркістан өлкесінде “Түркістан Халық Комиссарлар Кеңесі” орнағаны айтылды. Атаман А.Дутовтың казактар тобы, Алашорда үкіметі, меньшевиктер, эсерлер орталық Кеңес өкіметіне қарсы бірікті.