Сан мыңдаған ер азаматтардың өмірін қиған Ұлы Отан соғысының әлемдік тарихтағы орны зор. Бес жыл бойы дүниені дүрліктірген соғыста небір жанқиярлық ерліктер жасалды. Небір сын сәттерде Отан үшін отқа кеудесін тосқан аға ұрпақтың қатарында қазақ халқының батыр қыздары мен ұлдары да болды. Соның ішінде Кеңес Одағының Батыр қыздары Шығыстың қос шынары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова туған жерді қасиет тұтып, ата-мекенді ардақтау Отанын қорғауда үлкен ерлік көрсетті. Қанға боялған даласы, аңыраған анасы, жетім қалған балалар үшін шайқасты.