Танымал зергер, халықаралық Карл Фабержье "Құрмет" орденінің иегері Берік Әлібайдың қолынан шыққан құнды дүниелер көп. Күмістен жасалған ұлттық қолөнер бұйымдары бүгінде көптеген облыс музейлерінде сақтаулы. Белгілі зергер портал тілшісіне зергерлік өнердің қыр-сыры, күмістен жұмыс жасаудағы қиыншылықтар, бұл өнерді қалай меңгергені туралы баяндады.