Қазақтың кез келген ауылы бұл дәстүрді кешегі көшпелі дәуірден бастап жүзеге асырған еді. Ауылдың тарихы кешегі колхоз болмаса, совхоз кезінен құрылған жоқ, бұл ұлы Қазақ хандығы құрылған дәуірден басталады. Осы орайда National Digital History порталы «Жүз ауыл» жобасын жүзеге асыруды алдымызға мақсат етіп қойдық. Акциямыздың беташары күш атасы Қажымұқан ауылынан басталды.