Бұл бейнекөріністе Баркөл қазағы, бүгінде жасы тоқсанға таяған Әлипа әжеміз өткен ғасырдың нәубеттерін еске түсіре, өз көзімен көрген тарихи оқиғаларды боямасыз баяндайды. Үркін-босқын жылдарындағы қазақ халқының аянышты тағдырын әңгімелейді.