Хан Ордасының визит орталығы
Бөлісу
Хан Ордасы музей-қорығының визит орталығы – тарихи ауылға келген туристерді қабылдап, ақпараттық-танымдық қызмет көрсететін заманауи нысан. Орталықта музей кешені, Бөкей ордасы ауданының тарихы және осы өңірден шыққан белгілі тұлғалар туралы мәліметтер ұсынылған. Ақпараттық тақталар мен сенсорлық құрылғылар арқылы келушілер музей нысандарымен танысып, экскурсия бағытын алдын ала жоспарлай алады.
Бөлісу